Словарь ГЧП
МЖӘ сөздігі
- жекеше әріптес – осы Заңға сәйкес мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
- әлеуетті жекеше әріптес – жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер жекеше әріптес;
- мемлекеттік әріптес – Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы осы Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
- конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы – осы Заңда белгіленген құзыретіне сәйкес конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы орталық мемлекеттік орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары болғанда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну және (немесе) мемлекеттік бюджеттен төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік әріптес;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы – осы Заңға және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипатқа ие, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөнiндегi реттілікпен болатын iс-шаралар жиынтығы;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға байланысты жекеше әріптестің шығыстарын өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер;
- қолжетімділік үшін төлемақы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің пайдаланылу және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің жеке-дара техникалық-экономикалық өлшемдерін негізге ала отырып, көрсетілген объектінің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлем;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм.