2020 жылғы 15 қазанда онлайн нысанда өткен «Пандемия кезіндегі МЖӘ: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты екінші Халықаралық форум - МЖӘ іске асырылу тенденцияларын талқылау үшін мемлекет, бизнес және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің арасындағы тиімді байланыс үшін, өзекті мәселелерді шешу жолдарын, сондай-ақ механизмді одан әрі дамыту мүмкіндіктерін іздеу мақсатындағы халықаралық алаңға айналды. Сонымен қатар, форум аясында Азия және Тынық мұхиты бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссия (ЭСКАТО) және Қазақстандық МЖӘ орталығымен ұйымдастырылатын инфрақұрылымды қаржыландыру және МЖӘ мәселелері бойынша Азия-Тынық мұхиты желісінің төртінші отырысы өткізілді