Бірінші Инвестициялық МЖӘ форумы ҚР «МЖӘ туралы» заңының қабылданған күніне (2015 жылғы 31 қазан) өткізілді. Бұл шара инвесторлар мен халықаралық ұйымдардың, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің басын қосты. Форум делегаттар арасындағы МЖӘ дамуы мен қазақстандық жобаларға инвестиция салудың, ұзақ мерзімді әріптестік пен жобаларды бірлесіп жоспарлаудың, адамдарға арналған құндылықтарды, сапалы әрі мен қолжетімді қызметтерді жасаудағы әріптестікті құруға арналған келіссөз алаңына айналды. Форум барысында делегациялар арасында жобалар туралы пікірлер мен жоспарлар және B2B, B2G, G2G әріптестік туралы екіжақты кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ МЖӘ саласындағы білім озық тәжірибелерді бөлісуге арналған бірқатар семинарлар мен шеберлік сағаттары өткізілді